Рухани: Теһран Душанбе қарым қатынасы одан ары нығая түседі
ИИР Президенті Тәжікстан Президентімен кездесуінде екі елдің ерік жігерінің арқасында Теһран мен Душанбенің мүдделерін қамтамасыз ету және аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайту мақсатындағы өзара қарым қатынастың одан ары дами түсетініне сенім білдірді.
Иран Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани сенбі күні Тәжікстан астанасы Душанбеде өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (CICA) аясында осы ел Президенті Эмомали Рахмонмен кездесуінде осы кеңес жиналысын жоғары деңгейде өткізгеніне алғыс айтып, ирандық компаниялардың Тәжікстанда инженерлік‑техникалық қызметтер көрсетіп, құрылыс жобаларын орындауда тәжірибе алмасуға дайын екенін мәлімдеді.
Тәжікстан Президенті де осы кездесуде өз елінің ИИР‑мен байланысын нығайтуға мүдделі екенін айтып, ирандық компаниялардың Тәжікстанның жеке секторында ортақ жобалар орындауды жалғастыруын қолдады.
Рухани бұған дейін Душанбе қаласында өткен CICA саммитының аясында Ауғанстан Президенті, Түркия Президенті және Катар әмірімен жеке‑жеке кездесіп, екіжақты қарым‑қатынас және аймақ пен әлемнің маңызды мәселелері жөнінде сұхбаттасты.