Рухани: АҚШ-тың Иранға қарсы шаралары – адамзатқа қарсы жасалған қылмыс
https://itolqyn.com/news/iran-i42482
ИИР Президенті АҚШ-тың Иранға қарсы шараларының адамзатқа қарсы жасалған қылмыс және экономикалық лаңкестік деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 20, 2019 17:25 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың Иранға қарсы шаралары – адамзатқа қарсы жасалған қылмыс

ИИР Президенті АҚШ-тың Иранға қарсы шараларының адамзатқа қарсы жасалған қылмыс және экономикалық лаңкестік деп атады.

Хасан Рухани сәрсенбі күні Министрлер кабинетінің жиналысында америкалықтардың Иран халқына қарсы шараларының санкциялармен шектелмейтінін айтып: "АҚШ үкіметі Иранға қарсы экономикалық лаңкестік жасауға кірісті. Олар әлемдегі қоғамдық пікір мен Иран халқы алдында жауап берулері керек",-деді.  

Иран Президенті АҚШ-тың Иранды оқшауландыра алмағанын, бірақ өзі оқшауланып қалғанын, Ираннан үркуді қалыптастыруда да сәтсіздікке ұшырағанын айтып: "Бүгінде бүкіл әлем біржақтылыққа қарсы",-деді.