Ормуз бұғазы – шапқыншылардың тұрақты зираты
(last modified Fri, 21 Jun 2019 11:54:09 GMT )
Маусым 21, 2019 17:54 Asia/Almaty
  • Ормуз бұғазы – шапқыншылардың тұрақты зираты

Теһран жұма намазының имамы АҚШ тыңшылық ұшқышсыз ұшағының Иранның әуе кеңістігін бұзуына тоқталып: «Америкалық басшылардың Ормуз бұғазының шапқыншылардың тұрақты зираты екенін білгендері жөн»,- деп қуаттады.

Теһран жұма намазының имамы Мұхаммад Джавад Хаджали Акбари  Ақ үй басшыларының  АҚШ тыңшылық ұшқышсыз ұшағының Иранның әуе кеңістігінде құлатылғаннан кейінгі алаңдаушылықтарына сілтеме жасап: «АҚШ Президентінің басында ұшқышсыз ұшақтың құлатылуын теріске шығарып, кейін растауы оның сандыраққа түсуінің белгісі. Иран еш уақытта соғысты бастаушы болмайды.  Бірақ егер дұшпандар Иранға қарсы соғыс бастаса, соғыс олардың мүддесіне аяқталмайды»,- деп қосты. Теһран жұма намазының имамы АҚШ-тың Ислам республикасының әуе кеңістігін бұзғаны үшін Иран халқынан кешірім сұрауын және АҚШ-тың бұл әрекетін халықаралық қоғамды талқыға салуды қуаттады.