Арақчи: Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін шығын шығарғысы келмейді
(last modified Mon, 24 Jun 2019 08:37:11 GMT )
Маусым 24, 2019 14:37 Asia/Almaty
  • Арақчи: Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын сақтап қалу үшін шығын шығарғысы келмейді

Иран Сыртқы істер министрінің саяси істер жөніндегі орынбасары Британия Сыртқы істер министрінің Таяу Шығыс істері жөніндегі орынбасары Моррисонмен кездесуінде еуропалықтардың саяси ерік-жігерге ие болмауына байланысты «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болмауларын қуаттап: «Бұл келісімді сақтап қалу үшін Еуропа бір шамалы шығын шығарғысы келмейді",- деді.

ИРНА ақпарат арнасының мәліметінше, Сейед Аббас Арақчи бұл кездесуде еуропалық мемлекеттердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамағандарына тоқталып: "Өкінішке орай Иран мен Еуропаның аталмыш келісімге қатысты міндеттемелері мен құқыларының теңгерімі сақталмады. Еуропалық компаниялардың АҚШ Мемлекеттік департаментінің бұйырығына бағынбауға батылы жетпейді. Бұл мәселе Еуропаның тіпті өз шекараларының ішінде тәуелсіз емес екенін көрсетеді»,- деді. Арақчи сондай-ақ Британия үкіметінің Иран халқына қырық жыл бойы қарыз екенін еске салып, оларды жылдам қайтаруды талап етіп: «Лондонның олардың қайтармауына ешбір сылтауы қабылданбайды»,- деп баса айтты.