Зариф: АҚШ санкциялары - есірткіні тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықтарға кедергі
https://itolqyn.com/news/iran-i42523
Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың біржақты санкциялары мен әрекеттері, сондай-ақ Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестік жүргізіп, соғыспен қорқытып, әсіресе есірткі саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа кедергі болуда",- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 24, 2019 17:29 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ  санкциялары - есірткіні тарату саласындағы халықаралық ынтымақтастықтарға кедергі

Иран Сыртқы істер министрі: "АҚШ-тың біржақты санкциялары мен әрекеттері, сондай-ақ Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестік жүргізіп, соғыспен қорқытып, әсіресе есірткі саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа кедергі болуда",- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Теһрандағы есірткімен күресу әлемдік күні конференциясында Иранның 8600-дан артық азаматының бұл жолда шәһид және 12000-нан астамының мүгедек  болғаны туралы тоқталып: "Азаматтарынан айырылуымен бірге Иран жыл сайын есірткімен күресуге 300 миллионнан астам доллар жұмсауда",- деп қосты. Зариф Иранның шамамен әлем апиының 80 пайызын, өткен жылы 800 тоннадан астам мөлшерін анықтағанын еске салып: "Иранның ең үлкен есірткі шығарушымен шекаралас болуы, Иранның аймақ пен әлем деңгейінде маңызды әсер етуіне себеп болды",- деп сөзін жалғады.