АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді
https://itolqyn.com/news/iran-i42529-АҚШ_Иранға_қарсы_жаңа_санкциялар_енгізді
АҚШ Президенті дүйсенбіде Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізу шешіміне қол қойды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 25, 2019 12:53 Asia/Almaty
  • АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді

АҚШ Президенті дүйсенбіде Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізу шешіміне қол қойды.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп бұл санкцияларын «қатаң санкциялар» деп бағалап, АҚШ-тың Теһранға қарсы қысымдарын жалғастыратынын қуаттап: «Вашингтон Теһранның ядролық қару шығаруының алдын алу үшін Иранға қарсы санкцияларды арттырады»,- деді. Трамптың бұл әрекетінен бірнеше минуттен кейін АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин журналистердің алдына шығып: «Вашингтон Ислам революциясы жетекшісінің кенсесі мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының жоғары лауазымды 8 қолбасшысы, олардың ішінде Сақшылар корпусы  Теңіз күштері қолбасшысы Әлиреза Тангсири, Сақшылар корпусы  Әуе-ғарыш күштері қолбасшысы Амирәли Хаджизаде мен Сақшылар корпусы  Құрлық күштері қолбасшысы Мұхаммад Пакпурға санкция енгізді»,- деп жариялады. Мнучинның айтуынша, Вашингтон сондай-ақ Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке қарсы санкция енгізуді көздеуде. АҚШ Қаржы министрі бұл санкциялардың Иранның миллиардтаған долларларын бұғаттайтыны туралы уәжденді. Ол сондай-ақ бұл уәждері қайшы: «Егер Иран келіссөз жүргізсе, санкциялардың күші жойылады»,- деді.