АҚШ Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізді
АҚШ Президенті дүйсенбіде Иранға қарсы жаңа санкциялар енгізу шешіміне қол қойды.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Дональд Трамп бұл санкцияларын «қатаң санкциялар» деп бағалап, АҚШ-тың Теһранға қарсы қысымдарын жалғастыратынын қуаттап: «Вашингтон Теһранның ядролық қару шығаруының алдын алу үшін Иранға қарсы санкцияларды арттырады»,- деді. Трамптың бұл әрекетінен бірнеше минуттен кейін АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин журналистердің алдына шығып: «Вашингтон Ислам революциясы жетекшісінің кенсесі мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының жоғары лауазымды 8 қолбасшысы, олардың ішінде Сақшылар корпусы Теңіз күштері қолбасшысы Әлиреза Тангсири, Сақшылар корпусы Әуе-ғарыш күштері қолбасшысы Амирәли Хаджизаде мен Сақшылар корпусы Құрлық күштері қолбасшысы Мұхаммад Пакпурға санкция енгізді»,- деп жариялады. Мнучинның айтуынша, Вашингтон сондай-ақ Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифке қарсы санкция енгізуді көздеуде. АҚШ Қаржы министрі бұл санкциялардың Иранның миллиардтаған долларларын бұғаттайтыны туралы уәжденді. Ол сондай-ақ бұл уәждері қайшы: «Егер Иран келіссөз жүргізсе, санкциялардың күші жойылады»,- деді.