Зариф: «Б тобы» соғысты аңсайды
https://itolqyn.com/news/iran-i42530-Зариф_Б_тобы_соғысты_аңсайды
ИИР Сыртқы істер министрі өз Твиттерінде: «Б тобы АҚШ мүддесі туралы алаңдамайды, бұл топ соғысты аңсайды»,- деп жазды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Маусым 25, 2019 13:26 Asia/Almaty
  • Зариф: «Б тобы» соғысты аңсайды

ИИР Сыртқы істер министрі өз Твиттерінде: «Б тобы АҚШ мүддесі туралы алаңдамайды, бұл топ соғысты аңсайды»,- деп жазды.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф АҚШ Президентінің бұл елдің армиясының Парсы шығанағында ешбір ісі жоқ деген сөздеріне байланысты: «АҚШ армиясының Парсы шығанағында ешбір ісінің жоқ екені 100 пайыз дұрыс. Америкалық күштердің Парсы шығанағынан шығуы АҚШ пен әлемнің мүдделеріне болар еді»,- деді.

Трамп дүйсенбіде Твиттерде АҚШ армиясының Парсы шығанағында орналасуына күдік-күмән білдіріп, АҚШ-тың бұл аймақтағы орналасуын қажет емес деп білді.