АҚШ үкіметі – аймақтағы шиеленістердің басты себебі
https://itolqyn.com/news/iran-i42539
ИИР Президенті Франция Президенті Эмануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, ИИР-ның аймақтағы қақтығыстарды күшейткісі келмейтіні және еш уақытта ешбір мемлекетпен, олардың ішінде АҚШ-пен соғысуды көздемегеніне тоқталып: «Егер америкалықтар агрессиясын жалғастыратын болса, Иранның қарулы күштері оларға қарсыласып, қатаң әрекеттенеді»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Маусым 26, 2019 13:36 Asia/Almaty
  • АҚШ үкіметі – аймақтағы  шиеленістердің басты себебі

ИИР Президенті Франция Президенті Эмануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесіп, ИИР-ның аймақтағы қақтығыстарды күшейткісі келмейтіні және еш уақытта ешбір мемлекетпен, олардың ішінде АҚШ-пен соғысуды көздемегеніне тоқталып: «Егер америкалықтар агрессиясын жалғастыратын болса, Иранның қарулы күштері оларға қарсыласып, қатаң әрекеттенеді»,- деді.

 

Иран Президенті баспасөз қазыметінің мәліметінше, Хасан Рухани: «Егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы барлық тараптармен толық іске асырылғанда, осы кезде аймақ пен әлемдегі оң әрі сындарлы өзгерістердің куәсі болатын едік. Трамптың бұл келісімнен біржақты шығу шешімі АҚШ, Еуропа және Иран халықтарына зиян келтіріп, аймақтық және халықаралық мүдделерге қайшы болды»,- деп қосты.  

Эмануэль Макрон де АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен Иранға қарсы санкциялар енгізіп, оларды күшейтуін өкінішті деп тауып: «Франция әрқашан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болып, АҚШ-тың көндіруге талпынды және бұл талпынысын жалғастырады»,- деді.