Зариф: Ислам революциясы жетекшісі кенсесіне санкция енгізу – бүкіл Иран халқына тіл тигізу
(last modified Thu, 27 Jun 2019 09:17:34 GMT )
Маусым 27, 2019 15:17 Asia/Almaty
  • Зариф: Ислам революциясы жетекшісі кенсесіне санкция енгізу – бүкіл Иран халқына тіл тигізу

Иран Сыртқы істер министрі Теһранда CNN арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың өткен апталардағы әрекеттерінің - түрткі әрекеттер, әсіресе діни жетекші кенсесіне қарсы санкциялары бүкіл Иран халқына тіл тигізу болғанын қуаттады.

 

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф бұл сұхбатында Иранның қақтығыс пен соғысты көздемейтінін қуаттап: «АҚШ Иранды жоятын жағдайда емес және Иран халқы  әр шабуылға қарсыласуға дайын. АҚШ Президенті Дональд Трамп қазір 18-ші ғасырда өмір сүрмейтінімізді ұмытпауы керек. БҰҰ Жарғысы бойынша, соғыспен қорқыту заңсыз болып табылады. АҚШ үкіметі Иран үкіметін әлсіздендіргісі келеді. АҚШ бұл ойға қате сараптамаларға сүйеніп жетті. АҚШ Президенті қате мәліметтерге ие болды»,- деп қосты.