Мусави: INSTEX Иранның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге міндетті
Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы: «Иран мен Еуропаның арасындағы сауда айналымын қолдауға арналған қаржы механизмі (INSTEX) Иранның қажеттіліктерін қамтамасыз етуі керек. Бұл механизм сындарлы болмаса, Иран келесі қадамын жасайды»,- деді.
Сейед Аббас Мусави еуропалық елдер тарапынан ұсынылған INSTEX механизмінің іске асырылуы туралы: «Бұл механизмнің іске асырылуы осы кезге дейін кейбіреулердің міндеттемелерін орындамауларына байланысты кейінге қалдырылды. Иран уақытты белгілегенін кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған еуропалық мемлекеттер INSTEX-ті іске асыру үдерісті жылдамтату талпыныстарын бастады. Бірақ бұл әрекеттер жеткілікті болмады. Өйткені Иран үшін оның іске асырылуы мен іске асырылу уақыты маңызды»,- деп қосты. Ол бүгін Венада Иран, Британия, Франция, Ресей және Қытай елдері Сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейінде өтетін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясының отырысы туралы: «Бұл отырыс «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды қалған елдер үшін бұл келісімдегі және Иранның алдындағы міндеттемелерін іске асыратын соңғы мұрсат»,- деп баса айтты.