Мусави: INSTEX Иранның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге міндетті
(last modified Fri, 28 Jun 2019 09:30:29 GMT )
Маусым 28, 2019 15:30 Asia/Almaty
  • Мусави: INSTEX Иранның қажеттіліктерін қамтамасыз етуге міндетті

Иран Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы: «Иран мен Еуропаның арасындағы сауда айналымын қолдауға арналған қаржы механизмі (INSTEX) Иранның қажеттіліктерін қамтамасыз етуі керек. Бұл механизм сындарлы болмаса, Иран келесі қадамын жасайды»,- деді.

Сейед Аббас Мусави еуропалық елдер тарапынан ұсынылған  INSTEX механизмінің іске асырылуы туралы: «Бұл механизмнің іске асырылуы осы кезге дейін кейбіреулердің міндеттемелерін орындамауларына байланысты кейінге қалдырылды. Иран уақытты белгілегенін кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойған еуропалық мемлекеттер INSTEX-ті іске асыру үдерісті жылдамтату талпыныстарын бастады. Бірақ бұл әрекеттер жеткілікті болмады. Өйткені Иран үшін оның іске асырылуы мен іске асырылу уақыты маңызды»,- деп қосты. Ол бүгін Венада Иран, Британия, Франция, Ресей және Қытай елдері Сыртқы істер министрлері орынбасарлары деңгейінде өтетін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясының отырысы туралы: «Бұл отырыс «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды қалған елдер үшін бұл келісімдегі және Иранның алдындағы  міндеттемелерін іске асыратын соңғы мұрсат»,- деп баса айтты.