Зангане Иранның ОПЕК-ке мүше болып кірмейтін мұнай өндірушілермен ынтымақтастық ететінін қуаттады
(last modified Mon, 01 Jul 2019 07:44:51 GMT )
Шіл 01, 2019 13:44 Asia/Almaty
  • Зангане Иранның ОПЕК-ке мүше болып кірмейтін мұнай өндірушілермен ынтымақтастық ететінін қуаттады

Иранның Мұнай министрі: «Иран ОПЕК-ке мүше болып кірмейтін мұнай өндірушілермен ынтымақтастық етеді. Бірақ ОПЕК-тың ішкі бірлігісіз бұл ұйымның мүше және мүше емес елдерінің ынтымақтастық жобасы мағнасыз болады»,- деді.

 

Иранның Мұнай министрі Бижан Зангане Венаға аттанардан бұрын: «ОПЕК мүшелерінің көбі - Иранның достары. Бірақ кейбір мүшелері Иран халқына қарсы дұшпандық жолға түсті»,- деп қосты. Зангане ОПЕК-тың өз мүшелері арасында келісімге келуін жөн көріп: «Иранға көршілес кейбір елдердің Иранға қарсы дұшпандылық білдірудін орнына достық қарым-қатынас орнатқаны дұрыс болар еді. Олай болмаса, ОПЕК-тің ішкі бірлігі орнатылмаса, әр пікірталас пайдасыз әрекетке айналады. ОПЕК-тің екі мүшесі басқа мүшелерінің мүдделеріне соққы беруді ойлайтын болса, ОПЕК құлдырап, оған мүше және мүше емес елдердің арасындағы келісім мағнасыз болады»,- деп сөзін жалғады.