Зариф: Иран – «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бұзушы емес
ИИР Сыртқы істер министрі Иранның байытылған уранының мөлшерін арттыруының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына сай екенін қуаттады.
Мұхаммад Джавад Зариф әлеуметтік желілерде Иранның байытылған уран қорын «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген 300 кг арттырғанын растап: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабы бұл келісімнен Американың шығуынан кейін Иранның дәл осы бапты іске асыра алатынын көрсетеді»,- деп жазды. Иран Сыртқы істер министрі Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 36 бабын пайдалану құқығына тоқталып: «Бұл бап АҚШ-тың келісімнен біржақты шығуынан кейін Иранның байытылған уран қорын арттыра алатынын көрсетеді»,- деп анықтады. Зариф Иранның еуропалық мемлекеттер және Қытай мен Ресейге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы бойынша Иранның құқыларына кепілдік берулеріне бірнеше апта уақыт берілгенін еске салып: «Осыған орай үш еуропалық мемлекет өз міндеттемелерін орындаған жағдайда, біз шешімімізді өзгертеміз»,- деді.