Зариф: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына еуропалықтар сынды табанды болғысы келеді
ИИР Сыртқы істер министрі еуропалықтардың Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байлданысты әрекеттерін сынаған соңғы мәлімдемесіне реакция білдіріп, Иранның осыдан кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін еуропалықтардың тәсілінен үлгі алып орындағысы келетіні туралы жариялады.
«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «Иран еуропалық үш мемлекет пен Еуроодақ экономикалық міндеттемелерін табанды іске асырғандарынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық орындауға табанды қалады. Осыдан былай қарай Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін еуропалықтардан үлгі алып, солардың тәсілімен орындайды. Бұл әділдік болады»,- деп жазды. Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы мен Германия, Британия және Франция Сыртқы істер министрлері сейсенбіде ортақ мәлімдемелерінде Иранның байытылған уран қорын арттыруына алаңдаушылық білдіріп, Еуроодақтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болуының Иранның бұл келісімге толық табанды болуына байланысты екенін қуаттады. Еуропалықтар өз мәлімдемесінде Ираннан байытылған уран мөлшерін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген мөлшерге қайтаруды талап етті.