Зариф: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына еуропалықтар сынды табанды болғысы келеді
(last modified Wed, 03 Jul 2019 08:13:54 GMT )
Шіл 03, 2019 14:13 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына еуропалықтар сынды табанды болғысы келеді

ИИР Сыртқы істер министрі еуропалықтардың Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байлданысты әрекеттерін сынаған соңғы мәлімдемесіне реакция білдіріп, Иранның осыдан кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін еуропалықтардың тәсілінен үлгі алып орындағысы келетіні туралы жариялады.

 

«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «Иран еуропалық үш мемлекет пен Еуроодақ экономикалық міндеттемелерін табанды іске асырғандарынша, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын толық орындауға табанды қалады. Осыдан былай қарай Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін еуропалықтардан үлгі алып, солардың тәсілімен орындайды. Бұл әділдік болады»,- деп жазды.  Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы мен Германия, Британия және Франция Сыртқы істер министрлері сейсенбіде ортақ мәлімдемелерінде Иранның байытылған уран қорын  арттыруына алаңдаушылық білдіріп, Еуроодақтың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына табанды болуының Иранның бұл келісімге  толық табанды болуына байланысты екенін қуаттады. Еуропалықтар өз мәлімдемесінде Ираннан байытылған уран мөлшерін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасында белгіленген мөлшерге қайтаруды талап етті.