Рухани: АҚШ өрттен қорқатын болса, жалынды тұтатпасын
ИИР Президенті "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының барлық халықтар, аймақ пен әлемнің мүдделеріне екенін қуаттап: "Егер АҚШ өрттен қорқатын болса, жалынды тұтатпасын және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешімі бойынша амал етсін",- деді.
Хасан Рухани сәрсенбіде үкімет отырысында АҚШ Президентінің "Иран өртпен ойнап отыр" деген сөздеріне тоқталып: "Америкалықтар бір жылдан бері аймақта өртпен ойнауды бастап және осы кезде оның жалының одан сайын арттырып, "өртпен ойнау қатерлі" деп айтуда",- деп қосты.
Рухани: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы Иранның жақтастары бізге аталмыш келісімнен шықпау туралы ақыл-кеңес айтуда. Егер Иранның жақтастары "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы өз міндеттемелерін орындамаса, Ислам республикасы осыған дейін жариялағандай, 60 күннің ішінде келесі әрекетін іске асырады",- деп қосты. Иран Президенті INSTEX-ті осы кезге дейін тек қойылым болды деп тауып: "Еуропалық басшылар тіпті осы кезге дейін мәселені шешу үшін Иранға берген уәделерін орындамады",- деді.