Салехи: АҚШ-тың біржақты әрекеттері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жағдайын қиындатты
Иранның Атом қуаты басшысы мен «Росатом» компаниясының Бас директорының кездесуінде екі елдің ядролық ынтымақтастырының келешегі талқыға салынды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресейдегі ИИР елшілігі мәлімдеме шығарып: «Иранның Атом қуаты басшысы Әлиакбар Салехи мен «Росатом» компаниясының Бас директоры Алексей Лихачевтың кездесуінде екі елдің бейбіт мақсатты ядролық энергия саласындағы ынтымақтастықтарының соңғы жағдайы және бұл ынтымақтастықтардың келешегі талқыға салынды. Сондай-ақ екі елдің ядролық энергия ұйымдары басшылары АҚШ-тың біржақты шығуынан кейінгі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жағдайы туралы келіссөз жүргізіп, аталмыш келісімді сақтап қалу және оған қол қойған барлық тараптардың өз міндеттемелерін орындау маңыздылығын қуаттады. Салехи мен Лихачев Бушер стансасын салу жоба мен оның алға ілгерлеуіне ризалығын білдірді»,- деп жариялады.