Ресей: АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы энергия ресурстарымен байланысты
https://itolqyn.com/news/world-i83432-Ресей_АҚШ_пен_Израильдің_Иранға_шабуылы_энергия_ресурстарымен_байланысты
ParsToday – Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасқщ хатшысы Мария Захарова АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы әскери шабуылына сілтеме жасап: «Бұл елге шабуылдың себебі шетелдік күштердің оның мұнай мен газ ресурстарына иелік ету ниетімен тікелей байланысты»,- деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-28T02:42:38+00:00 )
Нау 28, 2026 08:52 Asia/Almaty
  • Ресей: АҚШ пен Израильдің Иранға шабуылы энергия ресурстарымен байланысты

ParsToday – Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасқщ хатшысы Мария Захарова АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы әскери шабуылына сілтеме жасап: «Бұл елге шабуылдың себебі шетелдік күштердің оның мұнай мен газ ресурстарына иелік ету ниетімен тікелей байланысты»,- деп мәлімдеді.

ParsToday-дің хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова жұма күні: «Иранға, Венесуэлаға, сондай-ақ Ирак пен Ливияға шабуылдар әрдайым мұнай мен газ ресурстарымен және оларды әлемнің әртүрлі елдеріне тасымалдаумен байланысты болды»,- деді. Захарова былай деп қосты: «Энергия ресурстары осы аймақтардағы халықаралық шиеленістер мен қақтығыстардың негізгі себебі». 

АҚШ пен сионистік режимнің Иранға ортақ әскери шабуылы 2026 жылдың 28 ақпанынан басталды; бұл шабуыл Иран мен АҚШ арасындағы жанама келіссөздер жүргізіліп жатқанда орын алды.