Әлемде мұнай бағасы АҚШ пен Израильдің Иранға әскери шабуылына байланысты тағы қымбаттады
ParsToday- Солтүстік теңіздің Брент мұнайының бір баррелінің бағасы жұма күні 110 доллардан асты және әлемдік нарықтарда өсу үрдісін жалғастырды.
ParsToday-дің хабарлауынша, АҚШ үкіметінің нарықты тыныштандыру үшін Иранмен конструктивті келіссөздер жүргізгенін айтып, Иранның энергетикалық нысандарына шабуылдан бас тартып, уақытын қайта ұзартқанына қарамастан мұнай бағасы қыбаттады. Дегенмен, мұнай нарығы Трамп пен оның үкіметінің жалған мәлімдемелеріне оң реакция көрсетпеді. АҚШ пен сионистік режимнің Иранға қарсы соғысы әлемнің шамамен бір бесінші бөлігі сұйылтылған табиғи газ және мұнайының Ормуз бұғазынан өтуін тоқтатты, сондықтан Халықаралық энергетика агенттігі бұл дағдарысты мұнай жеткізудегі ең үлкен үзіліс деп атады.