Иран Сыртқы істер министрлігі Ұлыбританияның ирандық танкерді тұтқындауын теңіз қарақшылығына теңеді
Иран Сыртқы істер министрлігі Ұлыбритания теңіз күштерінің ирандық танкерді тұтқындауын «теңіз қарақшылығы» атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Гибралтар жағалауында британиялық теңіз күштерімен ирандық танкер тұтқындалғаннан кейін бұл елдің Теһрандағы елшісі бейсенбі күні ИИР Сыртқы істер министрлігіне шақыртылды.
Иран Сыртқы істер министрілігінің Батыс Еуропа департаментінің басшысы бұл әрекетті қабыл етуге болмайтын әрекет деп атап және мәліметтер бойынша, бұл танкердің АҚШ-тың бұйырығымен тұтқындалғанын айтып, танкерді жылдам босатуды талап етті. Сондай-ақ танкердің халықаралық суларда болуына тоқталып, британиялық теңіз күштерінің әрекетін теңіз қарақшылығымен теңеп: «Бұл елдің Еуроодақтың біржақты санкцияларын басқа елдерге қарсы қолдану құқы жоқ»,- деді. Иран Сыртқы істер министрлігі танкер мен тиелген мұнайының заңдылығы туралы құжаттарды Ұлыбритания елшісіне тапсырды. Ұлыбританияның Теһрандағы елшісі бұл мәселені Лондонға жеткізетінін қуаттап: «Ұлыбритания АҚШ-тың біржақты санкцияларына ермейді»,- деді.