Зариф АҚШ-тың оған санкция енгізу ықтималына реакция білдірді
Иран Сыртқы істер министрі бейсенбіде «Нью-Йорк таймс» газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың оған санкция енгізу ықтималына реакция білдіріп, оған қарсы ықтималды санкцияларға ешқандай проблемасының жоқ екенін қуаттады.
«Әл-Әлам» арнасының мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф оның өзі мен отбасының шетелдік банкілерде ешбір есеп-шоты мен мүлікінің жоқтығына тоқталып, оның бүкіл өмірі мен міндеттемесінің тек Иран екені туралы баса айтты. Иран Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында АҚШ-тың оны санкциялар тізіміне енгізуінің мақсаты оның қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне шектеу қою болар деген болжам айтты.
АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин өткен аптада: «5 шілдеден Иран Сыртқы істер министрінің есімі АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізіледі»,- деп жариялаған болатын.