Зариф АҚШ-тың оған санкция енгізу ықтималына реакция білдірді
(last modified Fri, 05 Jul 2019 08:49:43 GMT )
Шіл 05, 2019 14:49 Asia/Almaty
  • Зариф АҚШ-тың оған санкция енгізу ықтималына реакция білдірді

Иран Сыртқы істер министрі бейсенбіде «Нью-Йорк таймс» газетіне берген сұхбатында АҚШ-тың оған санкция енгізу ықтималына реакция білдіріп, оған қарсы ықтималды санкцияларға ешқандай проблемасының жоқ екенін қуаттады.

«Әл-Әлам» арнасының мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф оның өзі мен отбасының шетелдік банкілерде ешбір есеп-шоты  мен мүлікінің жоқтығына тоқталып, оның бүкіл өмірі мен міндеттемесінің тек Иран екені туралы баса айтты. Иран Сыртқы істер министрі сөзінің жалғасында АҚШ-тың оны санкциялар  тізіміне енгізуінің мақсаты оның қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне шектеу қою болар деген болжам айтты.

АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин өткен аптада: «5 шілдеден Иран Сыртқы істер министрінің есімі АҚШ-тың санкциялар тізіміне енгізіледі»,- деп жариялаған болатын.