Иранның Гиркан ормандары ЮНЕСКО тізіміне тіркелді
https://itolqyn.com/news/iran-i42636-Иранның_Гиркан_ормандары_ЮНЕСКО_тізіміне_тіркелді
ЮНЕСКО-ның 43 отырысының бесінші күні Иранның Гиркан ормандары ирандық делегация және 180 елдің 2500 өкілінің, сондай-ақ бірнеше халықаралық ұйымның қатысуымен қажет зерттеу жұмыстардан кейін ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне тіркелді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 06, 2019 17:35 Asia/Almaty
  • Иранның Гиркан ормандары ЮНЕСКО тізіміне тіркелді

ЮНЕСКО-ның 43 отырысының бесінші күні Иранның Гиркан ормандары ирандық делегация және 180 елдің 2500 өкілінің, сондай-ақ бірнеше халықаралық ұйымның қатысуымен қажет зерттеу жұмыстардан кейін ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне тіркелді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Гиркан ормандары «Даште Лут» шөлінен кейін әемдік мұралар тізіміне тіркелген ИИР-ның екінші табиғи  аймағы.  Көлемі екі миллион гектар Гиркан орманы Гүлістан, Гилан, Мазандаран, Семнан және Солтүстік Хорасан облыстарына созылды. Бұл орманда құстардың 296 түрін, сүтқоректілердің 98 түрін көруге болады. Сондай-ақ бұл орманда өсімдік пен ағаштардың 150 түрі өседі.