Уран байыту деңгейін арттыру Иранның қажеттіліктеріне негізделген
(last modified Sun, 07 Jul 2019 11:38:44 GMT )
Шіл 07, 2019 17:38 Asia/Almaty
  • Уран байыту деңгейін арттыру Иранның қажеттіліктеріне негізделген

Иранның еуропалықтарға берген 60 күн мұрсатының аяқталуының бірінші күні мен еуропалықтардың «Ортақ қадамдағы» келісімдерін орындамауына байланысты Теһран міндеттемелерін азайтудағы екінші қадамды келісімнің 26, 36 баптары шеңберінде жүзеге асырып, уран байыту деңгейін арттыратынын мәлімдеді.


Иран Үкіметінің баспасөз хатшысы Әли Рабий жексенбі күні Теһранда Иран СІМ-нің саяси істер бойынша орынбасары Аббас Арақчимен бірге өткізген хабар брифингінде Иранның бүгін уран байыту бойынша 3.67 пайыздық шектен астатынын, оны байыту көлемінің Иранның қажеттілігіне негізделетінін айтты.

Иран СІМ-нің саяси істер бойынша орынбасары Аббас Арақчи Иранның келісімдегі міндеттемелерін азайтуының келісімнен шығу дегенді білдірмейтінін, алайда міндеттемелерді азайту үдерісінің елінің келісімнен шығуына ұластыруы мүмкін екенін айтты.

Америка 2018 жылдың мамыр айының сегізі күні «Ортақ қадам» келісімінен біржақты түрде шыққан соң ИИР келісімде қалған тараптарға өткен бір жыл ішінде жеткілікті мөлшерде мүмкіндік берді. Бірақ, еуропалық елдер соларды орындауда үддеден шыға алмады.

Еуропалықтардың Американың келісімнен шығуының шығынын төлеудегі дәрменсіздігі мен енжарлығы ядролық келісімді дағдарыспен бетпе-бет келтірді. «Ортақ қадам» – жан-жақты келісім. Сайып келгенде, оның теңгерімі мен тиімділігі келісімнің барлық мүшесінің міндеттемелерін орындауына байланысты.

Тиісті міндеттемелерді жүзеге асыру – «Ортақ қадам» келісімінің тиімділігі мен оны сақтап қалудың жалғыз шарты.  

Бірақ, өткен бір жылда келісімнің мүшелері арасында тек Иран ғана міндеттемелерін орындаған жалғыз ел болды. АҚХА өзінің 15 есебінде оны растады.

Еуропалықтар «Ортақ қадам» келісімінде жарияланған саясаттарды қолдағанымен, іс жүзінде Иранның келісімдегі маңызды мүдделерін қамтамасыз ете алмады. Осы мәселе Иранның «Ортақ қадамдағы» міндеттемелерін азайту үшін әрекет жасауына себеп болды.

Бұл үдеріс бүгін, 2019 жылдың шілде айының 7 күні жаңа кезеңге енді. Бұдан былай Иран қажет мөлшерде уран байыту мөлшерін арттыра алады.

Егер еуропалықтар келісімдегі барлық міндеттемелері мен өткендегі олқылықтарының орнын толтырса, ИИР келісімнің 26, 36-баптары шеңберіндегі міндеттемелерін азайту шаралары бойынша райынан қайта алады.

Аббас Арақчидің айтуы бойынша Иранның келісімдегі міндеттемелерін азайтуына қарамастан сұхбат пен дипломатия есігі ашық. Бірақ, Иранның әсіресе, мұнай саласындағы талаптары орындалуы үшін шешім жолдары ойластырылуы керек.