Зариф: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан артық келісім жоқ
https://itolqyn.com/news/iran-i42660
Иран Сыртқы істер министрі: ««Б тобы» «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан артық келісім туралы елесті АҚШ Президентіне таңытты»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 09, 2019 13:57 Asia/Almaty
  • Зариф: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан артық келісім жоқ

Иран Сыртқы істер министрі: ««Б тобы» «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан артық келісім туралы елесті АҚШ Президентіне таңытты»,- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбіде Твиттердегі парақшасында: «Б тобы» экономикалық лаңкестік арқылы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының күшін жойып,  одан артық келісімге қол қоюға болады деген елесті Дональд Трампқа таңытты»,- деп жазды.

АҚШ Президенті Дональд Трамп 2018 жылдың 8 мамырында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы Вашингтонның міндеттемелерін бұзып, елін бұл халықаралық келісімнен шығарды.