Зариф: «Б тобы» сабақ алмады, бірақ әлем сабақ алуға тиісті
(last modified Wed, 10 Jul 2019 06:38:20 GMT )
Шіл 10, 2019 12:38 Asia/Almaty
  • Зариф: «Б тобы» сабақ алмады, бірақ әлем сабақ алуға тиісті

ИИР Сыртқы істер министрі «Б тобының» «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын тоқтату әрекеттеріне тоқталып: «Олар өткеннен сабақ алмады, бірақ әлем өткенге көңіл бөліп, одан сабақ алуға тиісті»,- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі парақшасында: «Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон мен сионистік режимнің премьер-министрі Бениамин Нетаньху Иранның уран байытуын мүлдем тоқтатуды талап етіп, 2005 жылы еуропалық үш мемлекет пен Иран арасындағы Париж келісімін жойды. Бұл әрекет ИИР-ның 2012 жылға дейін уран байытуын 100 пайызға арттыруына әкелді. «Б тобы» осы кезде де «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын тоқтату үшін Дональд Трампты алдады»,- деп жазды.