Рухани: Көршілес елдер, олардың ішінде Армениямен қарым-қатынасты кеңейту – Иранның негізгі саясаты
ИИР Президенті Теһранның негізгі саясатын Армения сынды көршілес елдермен достық қарым-қатынасты арттыру деп тауып, Иранның Армениямен жан-жақты қарым-қатынастарын одан сайын нығайтуға дайын екенін қуаттады.
Хасан Рухани кеше, сәрсенбіде Армения Премьер-министрі Никола Пашинянмен телефон арқылы сөйлесуінде Еуразия экономикалық одаққа мүше елдер парламенттерінің Иран мен бұл Одақтың арасында азат сауда аймағын құру туралы келісімді мақұлдағандарына ризалығын білдіріп: «Еуразия экономикалық одағының экономикалық, сауда және қаржы қарым-қатынастарды нығайту мақсатының іске асырылуы Иран мен бұл Одақтың қарым-қатынастарының дамуына жағдай тудырады»,- деді.
Армения Премьер-министрі Никола Пашинян да өз елінің Еуразия экономикалық одағының кезеңдік басшысы болуына тоқталып, ИИР Президентін 2019 жылдың 1 қазанында Ереванда өтетін Одақ басшылары саммитіне қатысуға ресми түрде шақырды.