Ғарибабади: Иран санкциялар жағдайында АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді
https://itolqyn.com/news/iran-i42687-Ғарибабади_Иран_санкциялар_жағдайында_АҚШ_пен_келіссөз_жүргізбейді
Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі санкциялар жағдайында Иранның АҚШ-пен келіссөз жүргізу ықтималын теріске шығарды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 12, 2019 14:47 Asia/Almaty
  • Ғарибабади: Иран санкциялар жағдайында АҚШ-пен келіссөз жүргізбейді

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты өкілі санкциялар жағдайында Иранның АҚШ-пен келіссөз жүргізу ықтималын теріске шығарды.

Казем Ғарибабади Германияның Die Zeit апталық басылымына берген сұхбатында АҚШ пен Иранның әскери бетпе-бет келу ықтималы туралы: «Теһран соғыс жүргізуді көздемейді. Сондай-ақ АҚШ Иранның күш-қуатының деңгейі  және қарсыласу үшін қандай құралдарға ие  екенінен хабардар. АҚШ-тың бопсасы мен санкциялары Иранмен сауда қарым-қатынас және ынтымақтастық етуді қиындатты. Бұл жағдайдың жалғасуын Иран еш уақытта қабылдамайды»,- деді.