Иран Сыртқы істер министрі Сребреницадағы қырып-жоюлардың құрбандарын еске алды
Иран Сыртқы істер министрі Твиттеріндегі парақшасында Сребреницадағы қырып-жоюлардың құрбандарын еске алды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф Твиттердегі жолдауында осыдан 27 жыл бұрын осы күні Еуропаның ішінде 27000 астам босниялық мұсылманның жаппай қырылғанын еске алды. Иран Сыртқы істер министрі: «Екінші Жүниежүзілік соғыстан кейін бұл күні мұсылмандар және еуропалықтармен ұмытылмайтын оқиға орын алды»,- деп жазды.
Тұрғындарының көбін мұсылмандар құратын және голландиялық әскерилердің қорғауында болған БҰҰ қауіпсіз аймағы болғанына қарамастан Сребреница қаласы ешбір қарсыласуысыз генерал Ратко Младич басқарған күштердің қолына түсті. Сребриницаны басып алуы кезінде сербтер әскерилері көптеген қылмыстарымен бірге 8000-нан астам әскери емес мұсылманды қырып-жойды.