Зариф: Иран қандай жағдайда болмасын мұнай экспортын жалғастырады
(last modified Sun, 14 Jul 2019 08:21:50 GMT )
Шіл 14, 2019 14:21 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран қандай жағдайда болмасын мұнай экспортын жалғастырады

ИИР СІМ Зариф Ұлыбритания СІМ Джереми Хантпен телефонмен сөйлескенде Америка салған мұнай санкцияларының заңсыздығын қуаттап, қандай жағдайда болмасын, ИИР-ның мұнай экспортын жалғастыратынын баса айтты.

IRNA агенттігінің хабарлауы бойынша, Мохаммад Джавад Зариф телефон арқылы сұхбатта Жерорта теңізінің шығысында тәркіленген ирандық мұнай танкерінің заңды мақсатына тоқталып: «Американың трансшекаралық санкцияларына әрдайым қарсы болған Еуропа Одағының өзі мұндай істе алдыңғы шептен көріне алмады.

Ұлыбритания үкіметі ирандық танкердің заңсыз тәркіленуін тоқтату үшін тез арада тиісті шара қолдануы керек болған» деді.

Джереми Хант та сұхбатта Иранның өз мұнайын экспорттау құқығын қуаттап, аймақта кикілжіңдердің артуына алаңдаушылық білдірді. Ол Гибралтар бұғазында құқықтық және сот істері зерттеулері нәтижелерінің Иран мұнайы тиелген GRACE 1 танкерінің неғұрлым жылдам босатылуына себеп болатындығына үміт білдірді.