Рухани: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына үнемі табанды болды
(last modified Mon, 15 Jul 2019 07:12:49 GMT )
Шіл 15, 2019 13:12 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына үнемі табанды болды

ИИР Президенті өз елінің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына үнемі табанды болып, еш уақытта оны бұзбағанын қуаттады.

 

«ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Хасан Рухани Иранның солтүстік-шығысындағы Хорасан Шмоли облысы кеңесінің баспасөз отырысында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының Иранның үлкен саяси және моральдық жеңісі болып, дүниежүзіне ядролық келісімдегі Иранның саяси-құқылық құдыретін дәлелдегенін қуаттап: «Егер «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы Иранның зиянына болғанда, АҚШ 14 ай бұрын одан шықпайтын еді. АҚШ 12 жыл бойы Иран жасырын түрде атом бомбасын жасап жатыр және бұл іс заңсыз деп уәжденді, бірақ Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі (АҚХА) Иранның ядролық қару шығаруды көздемейтінін жариялады»,- деді.