Зариф: Өзімізді қорғауға күмәнденбейміз
(last modified Tue, 16 Jul 2019 08:11:18 GMT )
Шіл 16, 2019 14:11 Asia/Almaty
  • Зариф: Өзімізді қорғауға күмәнденбейміз

ИИР Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф: «Біз шиеленісті қаламаймыз. Бірақ егер шабуыл жасалса, өзімізді қорғауға күмәнденбейміз»,- деді.

 

БҰҰ-ның Экономика және әлеуметтік кеңесі жоғары  басшыларының жылдық саммитіне қатысу үшін Нью-Йоркке аттанған Мұхаммад Джавад Зариф америкалық NBC арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың әртүрлі сылтаулармен Иранға қарсы жасап отырған қоқан-лоққылары мен қысымдарының нәтижесіз болуына тоқталып: «АҚШ ақымақтық жасап, Иранға шабуыл жасайтын болса, Ислам республикасы өзін қорғайды",- деп қуаттады.

АҚШ өткен қырық жылда Иранға қарсы санкция және қысымдарымен тек өзін Иранның үлкен нарығынан мақрұм етті. Біз әр қысымға қарсыласамыз. Бірақ егер АҚШ қазіргі жағдайдан шығатын абыройлы жолды іздестіретін болса, шешім жолы табылады»,- деп қосты.