Ислам революциясы жетекшісі еуропалықтардың әрекетсіздігін сынады
(last modified Wed, 17 Jul 2019 07:17:41 GMT )
Шіл 17, 2019 13:17 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісі еуропалықтардың әрекетсіздігін сынады

Иран Ислам революциясы жетекшісі аятолла Хаменеи сейсенбіде елдің әртүрлі қалалары мен ауылдары жұма намаз имамдарымен кездесуінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мәселесіндегі еуропалықтардың әрекетсіздігі мен орынсыз талаптарын сынады.

Ислам революциясы жетекшісі Иранның   "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы және тіпті оған енбеген міндеттемелерімін  орындағанын қуаттап: «Сіздер, еуропалықтар ешбір міндеттемелеріңді орындамаған  жағдайда, қалай бізден міндеттемелерімізге табанды болуымызды сұрайсындар? Біз міндеттемелерімізді азайтуды бастадық және бұл үдерісті жалғастырамыз»,- деді.  АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін еуропалықтар бір жыл бойы аталмыш келісімде қалу және оны толық қолдау  туралы уәде берді. Бірақ осы кезде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының орындалмауына байланысты Иранның шығындарының орнының толтыра алмайтындары туралы айтады. Негізінде «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан АҚШ шыққан соң бұл  жан-жақты келісімдегі өздерінің міндеттемелерін орындамаған Еуроодақ, нақты айтқанда үш еуропалық мемлекет кемінде Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 36-шы бабы бойынша шығындарының орның толтыратын әрекеттеріне саяси қолдау көрсетеді деген болжамдар болды. Бірақ еуропалықтар басынан бастап, АҚШ-тың қысымдарынан қорыққандарынан әлде АҚШ-пен әрекеттерді бөліп әрекеттену келісімдері бойынша ма сындарлы әрекеттенбеді. Енді осы кезде Ираннан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайту үдерісті тоқтатуды сұрауда. Еуропалықтардың бұл талаптары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының 26-шы бабында: «Егер АҚШ пен Еуроодақ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына байланыстың күші жойылған немесе тоқтатылған ядролық мәселеге қатысты санкцияларын қайтадан енгізсе немесе жаңа санкциялар қолданса, Иран бұл мәселені өз міндеттемелерін толық немесе бір бөлігін тоқтату үшін пайданала алады»,- деп жазылған жағдайда айтылуда. Бұл негіз бойынша, Иран 1 шілдеде алғашқы қадамын басып, елдегі 3,67 пайызға байытылған уран қорын 300 кг мөлшерінен асырғанын жариялады. 7 шілдеде, еуропалық мемлекеттерге «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаулары үшін берілген 60 күн аяқталсымен, Иран уран байыту деңгейін 3,67 пайыздан арттыруы туралы хабарлады.  

Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі  (АҚХА) Иранның бұрынғы елшісі Реза Наджафи: «ИИР бұдан бұрынырақ әрекеттене алатын еді. Бірақ Теһран өзінің стратегиялық сабырымен қарсы тарапқа міндеттемелерін орындауға мұрсат берді. Бірақ олар бұл мұрсатты пайдаланбады»,- деді.  Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «Халықаралық келісімді сақтап қалу туралы сөздер мен іс жүзінде инвестиция салудын айырмашылығы өте көп. Еуропалықтар осы кезге дейін әрекеттенуге дайындығын көрсетпеді»,- деді. Еуропалықтар өздерінің түкке тұрмайтын әрекеттерімен Ираннан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін толық орындауын күтуде. Иранның зымырандық қорғанысы туралы келіссөздер жүргізу сынды қисынсыз талаптары АҚШ пен кейбір еуропалық үкіметтердің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысы жоқ тақырыптарға араласуларының белгісі.