Рухани: Дос елдер біржақтылыққа қарсы бірігуі керек
(last modified Thu, 18 Jul 2019 08:48:11 GMT )
Шіл 18, 2019 14:48 Asia/Almaty
  • Рухани: Дос елдер біржақтылыққа қарсы бірігуі керек

ИИР Президенті аймақтың дос елдерінің біржақтылық пен алпауыт үкіметтердің құдыреттерін өз мүдделеріне пайдалануына қарсы өздерінің технологиялық құдыретін арттыру үшін бірігулері қажеттілігін қуаттады.

 

Иран Президенті Хасан Рухани Электроника, компьютер және электроника саудасы  25-ші Халықаралық көрмесінің (ELECOMP) ашылу рәсімінде  алпауыт құдыреттердің санкциялар енгізу, біржақты саясат пен киберкеңістікте өз билігін орнату  арқылы Иранды билегісі келетінін қуаттады. Хасан Рухани: «Дос елдердің өз күштеріне сүйеніп, ынтымақтастық етулерінен басқа жолы жоқ. Сондықтан дос елдер билеп-төстеушілердің құдыретті өз мүдделеріне пайдалануы мен басқа елдердің алға ілгерлеуінің алдын алу әрекеттеріне қарсы тұрулары қажет»,- деді.  

Электроника, компьютер және электроника саудасы  25-ші Халықаралық көрмесі (ELECOMP) Теһранда өз жұмысын бастады.