Зариф: АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық лаңкестігі тоқтатылуы керек
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ-тың Иранға қарсы экономикалық соғысын лаңкестік әрекет деп тауып, бұл әрекеттің тоқтатылу қажеттілігін қуаттады.
БҰҰ-ның Экономика және әлеуметтік кеңесі жоғары басшыларының жылдық саммитіне қатысу үшін Нью-Йоркке аттанған Мұхаммад Джавад Зариф «Bloomberg» арнасына берген сұхбатында: «Иран АҚШ-пен келіссөздерден шықпады, америкалықтар шықты және олар қалай қайтып оралуды біледі. Теһран Дональд Трамптың президенттік кезеңінің аяқталуын күтіп отырған жоқ, өйткені ешбір мемлекет өз саясатын бақылауында жоқ нәрсеге сүйеніп, белгілемейді»,- деді. Ол америкалықтардың Иранның атом бомбасын жасауға жақындағаны туралы уәждеріне байланысты: «Атом бомбасына ие болу қауіпсіздік әкелмейді. Сондай-ақ Иранның жоғары басшысы өз діни пәтуасымен атом бомбасын жасау немесе оны сақтауға тыйым салды»,- деп анықтады. Зариф Гибралтар жағалауында тұтқындалған ирандық танкер туралы: «Британиялықтардың ирандық танкерді тұтқындауға ешбір құқығы болмады. Бұл теңіз қарашылығы саналады»,- деп қосты.