Иран студенттері мен халқы шейх Закзакиді қолдап, Нигерия елшілігінің алдында жиналды
https://itolqyn.com/news/iran-i42747-Иран_студенттері_мен_халқы_шейх_Закзакиді_қолдап_Нигерия_елшілігінің_алдында_жиналды
Ирандық және шетелдік студенттер мен Иран халқы сәрсенбі күні Нигерияның исламдық қозғалыс басшысы шейх Ибрахим Закзакиді қолдап, бұл елдің Теһрандағы елшілігінің алдында жиналды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 18, 2019 15:52 Asia/Almaty

Ирандық және шетелдік студенттер мен Иран халқы сәрсенбі күні Нигерияның исламдық қозғалыс басшысы шейх Ибрахим Закзакиді қолдап, бұл елдің Теһрандағы елшілігінің алдында жиналды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, шерушілер шейх Закзакидыі қолдайтын ұрандары жазылған плакаттарымен Нигерияның исламдық қозғалыс басшысы Ибрахим Закзакидің тұтқынының жалғасуына наразылығын білдірді. Ирандық және шетелдік студенттер мен Иран халқы сондай-ақ БҰҰ-нан шейх Закзакиге қарсы зорлық-зомбылықтың алдында үнсіз қалмауын сұрады.  Нигерияның исламдық қозғалысы шейх Закзакидің тұтқында Нигерия үкіметімен уландырылғаны туралы жариялады.