Иран АҚШ-тың экономикалық лаңкестігіне бағынбайды
(last modified Thu, 18 Jul 2019 13:44:17 GMT )
Шіл 18, 2019 19:44 Asia/Almaty
  • Иран АҚШ-тың экономикалық лаңкестігіне бағынбайды

Иран Сыртқы істер министрі Иран халқына қарсы Ақ үйдің санкция енгізу саясаттарын лаңкестік деп атап, Иранның лаңкестермен келіссөз жүргізбейтінін қуаттады.

Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Нью-Йоркте журналистердің алдында АҚШ-тың экономикалық соғысының Иранның әскерилері немесе басшыларын нысанаға алмайтынына, бірақ қарапайым халықты нысанаға алатынына тоқталып: «Бұл әрекеттер лаңкестік болып табылады. Өйткені лаңкестік өз саяси жобаларын іске асыру мақсатпен халықты нысанаға алады»,- деді.

Санкциялар мен қысымдар Ислам революциясының жеңісінен кейінгі АҚШ-тың Иран халқына қарсы саясаты болды. Ислам революциясының жеңісімен Ирандағы АҚШ-тың мүдделері іс жүзінде жойылды. Дәл осы мәселе АҚШ-тың әртүрлі үкіметтерінің санкциялар мен қастықтар арқылы Иран халқы мен үкіметінің саясатын өзгертуге талпынуларына себеп болды.

Женевада орналасқан халықаралық ұйымдардағы  Иранның өкілі Казем Ғарибабади АҚШ-тың біржақты санкцияларын халықаралық заңдарды бұзу деп тауып: «АҚШ заңсыз әрекететрдің көшбасшысы болып, санкцияларды басқа елдердің саясатын өзгерту құрал ретінде пайдаланады»,- деді.

БҰҰ Адам құқығы кеңесінің арнайы репортеры Идрис Джазаири де АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларын сынап, бұл санкцияларды заңсыз эмбарго және кек алу деп атап, олардың гуманитарлық халықаралық заңдарға қайшы екендерін қуаттады.

Иран халқы өткен қырық жылда үнемі өзінің ирандық болмысы мен өз күшіне сүйеніп, әртүрлі салаларда маңызды жетістіктерге жетті. Дұшпанға қарсы табандылығы мен қарсыласуының нәтижесіндегі Иранның жетістіктері әлемнің азаттық талап ететін халықтары үшін үлгіге айналды. Иран халқының 40 жылдық тәжірибесі Иран халқының ешбір жағдайда америкалық үкіметтерге бағынбайтынын дәлелдеді. Сондықтан осы кезде де Трамптың Иран халқына қарсы экономикалық лаңкестігіне бағынбайды. АҚШ-тың Иран халқына қарсы біржақты санкциялары өткен бір жылда ең ауыр санкциялар болғанымен, Ақ үйдің санкциялық саясаты Иранды тізе бүктіре алмайды. Ақ үйдің қазіргі өкілдері экономикалық санкциясымен Иран халқы мен үкіметіне қатысты түстерін өңге айналдыра алмайды.