Зариф: Аймақ пен әлем Солейманиге борышты
ИИР Сыртқы істер министрі Иранның Құдс корпусының қолбасшысы Солейманидің аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету рөліне тоқталып, аймақ пен әлем Солейманиге борышты екенін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбіде америкалық журналистер мен ақпарат редакторларының алдында сардар Солейманидың лаңкестікке қарсы күреске үлкен қызмет етуін қуаттады. Зарифтың бұл сөзі ИИР органдарының арасындағы бірлікті білдіреді. Бұдан бұрын Иранның Құдс корпусының қолбасшысы Зариф туралы: «Мұхаммад Джавад Зариф әрқашан жүйенің жоғары лауазымды тұлғалары тарапынан қолдау тапты. Зариф елдің ұлттық мүддесін қаматмасыз ету саласында әртүрлі деңгейлерде маңызды жұмыс жасады. Иран халқы мен Ислам революциясы дұшпанарымен күресу жолында белсенділік білдірді»,- деді.