Иран мұнай контрабандасымен күресуде
(last modified Fri, 19 Jul 2019 12:30:12 GMT )
Шіл 19, 2019 18:30 Asia/Almaty
  • Иран мұнай контрабандасымен күресуде

Ислам революциясы Сақшылар корпусы теңіз күштері Парсы шығанағында мұнайды заңсыз тасымалдаумен айналысатын шетелдік танкерді сот шешімімен тоқтатқандарын қуаттады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы  теңіз күштері бейсенбіде шетелдік кемелердің бірінің жанармай контрабандасымен айналасуынан сенімділікке ие болғанынан және сот органдарымен жұмысын үйлестірген соң бір миллион литр мұнай тиелген бұл кемені  Парсы шығанағының Лорак аралының оңтүстігінде тұтқындады. Ислам революциясы Сақшылар корпусы  теңіз күштерінің Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазысындағы негізгі міндеті Иранның ұлттық мүдделерін қорғау, қауіпсіздік орнату және теңіз контрабандасымен күресу саналады.  Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифтың айтуынша, ирандық күштер мұнай контрабандасымен күресу үшін күн сайын Парсы шығанағында контрабандалық мұнай тасымалдайтын шетелдік кемені тұтқындау сынды әрекеттерді іске асырады. Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазысы әлемдік теңіз экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан қазіргі жағдайда Ислам революциясы Сақшылар корпусы  теңіз күштерінің міндеті бұл стратегиялық аймақты қорғау болып табылады. Бұл салада Ислам революциясы Сақшылар корпусы Бас қолбасшысы Хосейн Салами бейсенбіде: «Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазысы және бұл аймақтың аралдары тек Иран үшін ғана емес, бүкіл әлем, әсіресе әлемдік экономикасы үшін маңызды аймақ саналады»,- деді. Парсы шығанағы мен Ормуз бұғазы аймағының маңыздылығына назар аударып, Иран әлемдік энергетикалық тұрақтылықты  қамтамасыз ету үшін  аймақта қауіпсізідік орнату саласында маңызды рөл атқаруда. Мұнай контрабандасымен айналысатын шетелдік кемені тоқтату Иранның жауапкершілігінің белгісі. Мұнай контрабандасы Иранның ұлттық мүддесіне зиян тигізуімен бірге халықаралық құбылыс саналады. Ислам революциясы Сақшылар корпусы  теңіз күштері Парсы шығанағында мұнай контрабандасымен айналысатын кемені тұтқындап, өзінің ұлттық мүддесіне сай амал етуде. Иранның ұлттық мүддесі сондай-ақ әлемнің энергетикалық тұрақтылығын орнатуға көмектеседі. Ислам революциясы Сақшылар корпусы  теңіз күштерінің мұнай контрабандасымен айналысатын шетелдік кемелерді тоқтатуы ішкі және халықаралық кеме қатынасы заңдары бойынша заңды әрекет саналады. Сондықтан АҚШ-тың бұл мәселеге қатысты реакциясы мен Иранды айыптауы Вашингтонның саяси ұстанымын және Парсы шығанағындағы мұнай контрабандасын қолдайтынын көрсетеді.