Зариф: Иранда Батыс елдерімен әрекеттесуге сенімсіздік туындады
https://itolqyn.com/news/iran-i42765
Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамаулары Иранда Батыс мемлекеттеріне деген сенімділікті жойғанын қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 20, 2019 13:26 Asia/Almaty
  • Зариф: Иранда Батыс елдерімен әрекеттесуге сенімсіздік туындады

Иран Сыртқы істер министрі «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындамаулары Иранда Батыс мемлекеттеріне деген сенімділікті жойғанын қуаттады.

БҰҰ-ның Экономика және әлеуметтік кеңесі жоғары  басшыларының жылдық саммитіне қатысу үшін Нью-Йоркке аттанған Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні АҚШ-тың ұлттық радиосы NPR-ге берген сұхбатында: «АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен еуропалықтардың бұл келісімге табанды болмауы Иран халқының халықаралық қоғамға сенімсізді білдіруіне себеп болды»,- деді.

2018 жылдың 8 мамырында АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң Германия, Франция және Британия Иранның экономикалық  мүдделерін қамтамасыз етіп, аталмыш келісімді сақтап қалу туралы уәде берді. Бірақ бұл елдер осы күнге дейін уәделерін іс жүзінде орындамады.