Иранда сегіз жаңа дәрі өндірілді
(last modified Sun, 21 Jul 2019 06:50:03 GMT )
Шіл 21, 2019 12:50 Asia/Almaty
  • Иранда сегіз жаңа дәрі өндірілді

Теһранның батысындағы Альборз облысында ИИР президентінің ғылым мен технология істері бойынша орынбасары Сорна Саттаридің қатысуымен сегіз жаңа дәрінің тұсаукесер рәсімі өтті.

IRNA агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, бұл өнімдер омепразолдың микро бөлшектері, тамсулозин гидрохлориді, налтрексон, цигалитинфосфат, гликозин дәрілері мен шикізаттарды құрады.

Бұларды Иранның фармацевтикалық шикізат өнімдері саласындағы ең үлкен өндірушілердің бірі Альборз облысының Temad компаниясы өндірді.

Аталмыш компания 2018 жылы әлемнің бес құрлығының 43 еліне 8 млн долларға өнім экспорттады.

Иран медицина мен фармацевтика саласындағы жетістіктерге Америка 2018 жылдың мамыр айында «Ортақ қадам» келісімінен шығып, ислам республикасына қарсы санкцияларды қайтарған жағдайда қол жеткізді.