Иранда АҚШ Орталық барлау басқармасының тыңшы арнасы залалсыздандырылды
Иранның Қауіпсіздік министрлігі бұл елде АҚШ Орталық барлау басқармасының (ОББ) тыңшы арнасының залалсыздандырылғаны туралы хабарлады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Иранның Қауіпсіздік министрлігі өткен жылы (хиджри-шамси күнтізбесінің 1397 жылы) Иранда жеке және топтық түрде тыңшылықпен айналысқан АҚШ Орталық барлау басқармасының 17 тыңшысы құрықтады. Иранның Қауіпсіздік министрлігі қоғамдық бөлімінің мәліметінше, құрықталған тыңшылар ОББ-ның экономика, ядролық, инфрақұрылымдар, әскери және кибер салаларында мердігер немесе кеңесші түрінде жұмыс жасағандар. Сондай-ақ маңызды орталықтар туралы мәліметер жинақтау мен техникалық әрекеттерді іске асыру бұл тыңшылық арнаның міндеттерінен болды. Бұл мәлімет бойынша, АҚШ визасын беру немесе оны созу, ирандық мамандарды жұмысқа алу, жабдықтармен қамтамасыз ету, елдің сыртындағы ғылыми конференциялар аясында жасақтаушылармен тікелей кездесу, электрондық пошта және әлеуметтік желілер арқылы хат пен хабар жіберу АҚШ барлау қызметінің тыңшыларды өзіне тарту жолдары болды.