Иранның ұлттық таэквандо командасы Азия чемпионы атанды
https://itolqyn.com/news/iran-i42802
Азия жасөспірімдер чемпионатының 10-шы кезеңінің соңында Иранның ұлттық таэквандо командасы 10 алтын, 6 күміс және 1 қола медалімен Азия чемпионы атанды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 23, 2019 14:25 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық таэквандо командасы Азия чемпионы атанды

Азия жасөспірімдер чемпионатының 10-шы кезеңінің соңында Иранның ұлттық таэквандо командасы 10 алтын, 6 күміс және 1 қола медалімен Азия чемпионы атанды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ираннан кейін Оңтүстік Корея ұлттық командасы 3 алты, 4 күміс және 7 қола медальге иеленіп, екінші орында, сондай-ақ Қытай командасы үшінші орында орналасты.

Азия жасөспірімдер чемпионатының 10-шы кезеңі 331 таэквндошының қатысуымен 21 шілдеде Иордания астанасы Амманда басталып, дүйсенбіде аяқталды.