Рухани: Иран әділ, заңды және адал келіссөздерге дайын
(last modified Wed, 24 Jul 2019 09:31:17 GMT )
Шіл 24, 2019 15:31 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран әділ, заңды және адал келіссөздерге дайын

ИИР Президенті Иранның аділ, заңды және адал келіссөздерге толық дайын екенін, бірақ келіссөздің атымен бұл елді бағындыру үшін өтетін отырыстарға қатыспайтынын қуаттады.

 

Хасан Рухани сәрсенбіде ИИР-ның бөгделердің барлық қысымдарына қарамастан зорлық-зомбылық жасаушыларға бағынбайтынына тоқталып: «Иран АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң, келісімнің басқы мүшелеріне өз міндеттемелерін орындауларына бір жыл уақыт берді. Бірақ осы кездегі  Иранның мұнайына салынған санкциялары мен жаңа жағдайға назар аудара, Ислам республикасы  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынлағы міндеттемелерін азайту шешім қабылдады»,- деді.

Рухани Ормуз бұғазысы мен Парсы шығанағын қорғау Иран мен шакаралас елдер міндеті деп тауып: «Ислам революциясы Сақшылар корпусының Ормуз бұғазысындағы Британияның әртүрлі танкерлерін тоқтатуын дұрыс әрекет деп атап, бүкіл әлем Парсы шығанағының қауіпсіздігін қаматмасыщ етіп отырғаны үшін Сақшылар корпусына алғысын айтуы керек»,- деп қосты.