Иранның бүкіл күштері бас қолбасшысының кеңесшісі АҚШ пен Ұлыбританияға ескерту жасады
Иран Ислам революциясы жетекшісінің қорғаныс істері жөніндегі кеңесшісі Ұлыбританияға Ормуз бұғазында болуы туралы, ал АҚШ-қа әскери соғыс бастауы туралы ескерту жасап: "Сауд Арабиясы мен БАӘ-нің Йеменде соғыстың аяқталғаны туралы жариялауы олардың жеңіліс тапқанын көрсетеді",-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күні хабарлауынша, генерал Хұсейн Деһқан Al-Jazeera телеарнасына берген сұхбатында Лондонның Еуропа елдеріне Парсы шығанағында еуропалық кемелерді қолдау міндетін атқаратын теңіз күштерін құру туралы ұсынысына реакциясында: "Ормуз бұғазындағы кез келген өзгеріс қатерлі текетірестің туындауына себеп болады",-деді.
Генерал Деһқан: "Ұлыбритания жасаған ұсыныстың Лондон үшін болжанбаған салдарлары болуы мүмкін. Иранның Ормуз бұғазына қатысты ұстанымы мынадай: не барлық тараптардың қауіпсіздігі сақталып, мұнай экспорттауға мүмкіндігі болады, не ешкімге мұндай мұрсат берілмейді",-деді.