Аятолла Хатами: Британияның теңіз қарақшылығы – бұл елдің Иран халқына қарсы қылмыстарын еске салу
Теһран жұма намазының имамы Британияның Гибралтар жағалауында ирандық танкерді тұтқындау теңіз қарақшылығын қарт отаршыл түлкінің өткен жылдардағы Иран халқына қарсы көптеген қылмыстарын еске салу болғанын қуаттады.
Аятолла Сейед Ахмад Хатами бүгін Теһран жұма намазының құтпаларында: «Британияның Иранға қарсы ХІХ және ХХ ғасырлардағы қылмыстары, олардың ішінде Иранды бөлшектеу қастықтары, Иранның байлығын талан-таражға салуы, отаршы келісімдері, ашаршылық тудыруы, екі дүниежүзілік соғыс кезінде жүздеген мың ирандықтың өліміне қатысты болуы, Ислам революциясы ағымындағы Иран халқын басып-жаншуға араласуы мен АҚШ-тың бұл елге қарсы санкциялар енгізуі мен коалиция құруына ынтымақтастық етуі - Ислам республикасы халқының қарт отаршы түлкіге жиіркеніш білдіруінің себептері. АҚШ-тың тыңшы ұшқышсыз ұшағын құлату мен Ормуз бұғазында әртүрлі британиялық танкерлерін тұтқындау әлемдіктерге Иранның қарулы күштерінің күш-қуатын көрсетті»,- деді. Аятолла Хаменеи сондай-ақ Нигерия Исламдық қозғалысы басшысы шейх Ибрахим Закзакидың денсаулығының нашарлығы туралы: «Нигерия үкіметінің шейх Закзаки мен оның әйеліне қарсы әрекеттері мен оларды тұтқындауына Сауд және сионистік режимдер байланысты, сондықтан әрекеттерінің салдарларынан қорқулары керек»,- деп қосты.