Каспий теңізінде апатқа ұшыраған "Шабаханг" ирандық жүк кемесінің экипажы құтқарылды
https://itolqyn.com/news/iran-i42855-Каспий_теңізінде_апатқа_ұшыраған_Шабаханг_ирандық_жүк_кемесінің_экипажы_құтқарылды
ИИР-ның Әзірбайжан Республикасындағы елшісі Джавад Джахангирзаде: "Шабаханг" ирандық жүк кемесінің барлық экипаж мүшесі бұл кеменің Каспий теңізінің Әзірбайжан Республикасына тиесілі суларында толық батып кетер алдында құтқарылды",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 27, 2019 15:25 Asia/Almaty
  • Каспий теңізінде апатқа ұшыраған

ИИР-ның Әзірбайжан Республикасындағы елшісі Джавад Джахангирзаде: "Шабаханг" ирандық жүк кемесінің барлық экипаж мүшесі бұл кеменің Каспий теңізінің Әзірбайжан Республикасына тиесілі суларында толық батып кетер алдында құтқарылды",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік кеме қатынасы ұйымы  жұма күні: "ИИР туымен  Әзірбайжанның Ланкаран айлағына жақындаған "Шабаханг" жүк кемесі осы ұйымға хабар жолдап, апатқа ұшырағанын хабарлады",-деп мәлімдеді.

Осы мәлімет бойынша, құтқару жұмыстары нәтижесінде "Шабаханг" ирандық жүк кемесі экипажының 9 мүшесі құтқарылды, бірақ кеме бірнеше минуттан кейін Ланкаран айлағына жақын маңда батып кетті.