Рухани Иранның жас волейболшылар командасын жеңімпаз атануымен құттықтады
ИИР Президенті сенбі күні кешке жіберген жолдауында Иранның жас волейболшылар командасының әлем чемпионатында жеңімпаз атануымен құттықтады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хасан Рухани осы жолдауда: "Волейболдан әлем чемпионатындағы Иран жастарының мерейлі жеңісі ел волейболы үшін жарқын болашаққа үміт береді",-деді.
Иранның жас волейболшылар командасы сенбі күні кешке Италия командасын жеңіп, бірінші рет әлем чемпионы атанды.
Бұл ойынның бірінші және төртінші сеттерінде 25:17 және 25:22 есебімен Италия командасының пайдасына шешілгенімен, Иран волейболшылары екінші сетте 25:17, үшінші сетте 25:23, ал бесінші сетте 15:12 есебімен басым түсіп, Италия командасын жеңіп, Иранның волейбол тарихында жаңа парақ ашты.
Иран волейболшылары жартылай финалда атақты да мықты Бразилия командасын жеңіп, тарихта бірінші рет әлем чемпионатының финалына жол тартқан еді.