Лондон-2012 олимпиадасының алтыны ирандық палуанға бұйырды
Шіл 28, 2019 20:20 Asia/Almaty
Иранның 120 кг салмақтағы палуаны Комейл Ғасеми Өзбекстан палуанының допинг қолданғаны расталғаннан кейін Лондон-2012 олимпиадасының алтынына ие болды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Халықаралық палуандар одағы сенбі күнгі мәлімдемесінде: "Өзбекстан палуаны Артур Таймазовқа қатысты допинг тексерісі оның тыйым салынған зат қолданғанын растады",-деп хабарлады.
Бір қызығы, Таймазов бұған дейін допинг тексерісінің оң болуына байланысты 2018 жылы Пекинде өткен олимпиадада алған алтын жүлдесінен айырылған болатын. Бұл еркін күресшіден осымен екінші рет олимпиада алтыны қайтарылып алынды.
Тегтер